Басты бетҚоғамТүркістан өңірінде...

Түркістан өңірінде мал базарларын жұмыс күндері ашуға рұқсат етілді

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы қаулысына сәйкес, 3 қарашадан бастап облыс аумағындағы мал базарлары санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, базар аумағын 30%-дан асырмай толтырумен, аптаның жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік және санитариялық-дезинфекциялық талаптарды мұқият сақтауға шақырады.

Сонымен қатар кез келген мерейтойлар, еске алу, шығарып салу, құдалық, той, беташар және тағы басқа жиындарға тыйым салынады.

Әр адам жеке бас гигиенасын сақтай отырып, көшеде, қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналатын нысандарда міндетті түрде бетперделік режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.