2020 жыл 1 қазандағы жағдайы бойынша технопарк қатысушылары 3 миллиард 294 миллион теңге үнемдеді.
Преференциялардың басты мақсаты — технологиялық компаниялардың жобаларын дамытуға арналған қаражатты үнемдеуге және қайта инвестициялауға мүмкіндік беру.
Технопарк қатысушылары үшін салық жеңілдіктері Қазақстан ішіндегі эксаумақтылық құқығы бойынша беріледі. Басқаша айтқанда, преференцияларды алу үшін Astana Hub немесе қала аумағында болу міндетті емес: Қазақстанның кез келген нүктесінен болсын жұмыс істеуге болады. Бұл шара 2024 жылдың соңына дейін жалғаспақ.
Astana Hub-тың 375 қатысушы компанияларының жартысы Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен және тағы басқа өңірлерінде орналасқан.
Astana Hub қатысушысы мәртебесін алу үшін құжаттардың минималды пакетін (құжаттар тізімін Astana Hub веб-порталынан табуға болады) жинап, Astana Hub веб-порталында онлайн тіркелудің қарапайым процессінен өту қажет.
Сонымен қатар үміткер қатысушы өз компаниясын бастапқы талаптарға сәйкестеген тексеріп алуы қажет.
Үміткер ретінде филиалдары жоқ заңды тұлға қарастырылады, оған қоса, компания жер қойнауын пайдаланушы, АЭА қатысушысы және акциздерді төлеуші болмауы тиіс, компания үлесінің 50%-дан астамы мемлекетке немесе квазимемлекеттік ұйымдарға тиесілі болмауы тиіс. Сондай-ақ, ең маңызды критерийлердің бірі компания кірістерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізіміне сәйкестігі болып табылады.
Бұл тізім цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігімен арнайы бекітілген. Оның барлығы 19 түрі бар. Тізім бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу мен ақпараттық жүйелерді құрудан бастап, бейне ойындарды әзірлеу және блокчейн технологиясына негізделген аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге дейінгі көптеген қызмет түрлерін қамтиды. Толық тізім біздің сайтта көрсетілген, — деп хабарлады Astana Hub технопаркінің баспасөз қызметі.