Осы тапсырма аясында Түркістан облысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы аясында Түлкібас ауданында жергілікті әкімдіктің ұйытқы болуымен 21 отбасы баспанаға қол жеткізіп отыр.
Соның ішінде 6 отбасыға демеушілір есебінен тұрғын үй берілсе, 15 отбасыға мемлекеттік бағдарламамен пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ, 9 отбасының тұрғын үйі демеушілер есебінен жөндеуден өтті.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 9 қарашасына дейін «Қамқорлық» жобасына қатысушы 93 отбасыға 215 млн.теңгеден астам қаржыға түрлі көмектер көрсетілген. Атап айтқанда, «Феррум Констракшн» ЖШС, «Грамад» гипермаркеті, «Мадина» макарон фабрикасының демеушілігімен әзірленген азық-түлік себеттері «Мейірім» еріктілер тобымен үлестірілді. Бұдан өзге, бекітілген мамандар тарапынан (аудан әкімінің аппараты, дербес бөлімдердің басшылары, жеке кәсіпкерлер) азық-түлік себеттері, аяқ-киім, киім-кешек, материалдық ақшалай көмек және көмір, отын үйме-үй таратылып берілді.