Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы карантинде кімдер жұмыс істей алатынын мәлімдеді

20 қарашада Түркістан облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышановтың №45 санды жаңа қаулысы шыққан болатын. Құжатқа сәйкес кинотеатрлар, жәрмеңкелер мен мал базарларының жұмысына рұқсат етілген. Кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар қаулыда айтылған талаптарға сай болуы тиіс, — деді ол.

Кездесу облыстың 15 ауданының кәсіпкерлерін қосу арқылы онлайн және офлайн форматта өтті. Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаулы талаптарын орындау кезінде туындайтын мәселелерді талқыланды. Кездесу барысында айтылған маңызды мәселелердің бірі-мониторингтік топтардың жұмысы. Кәсіпкерлер тарапынан мониторингтік топтардың құрамындағы кейбір полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты шағымдар айтылды.

Аудан кәсіпкерлері кейбір кәсіп түрлерінің (құрылыс дүкендері, моншалар және т.б.) жұмыс уақытын ұзарту бойынша ұсыныс айтты. Аталған ұсыныстар мен өтініштер санитарлық дәрігер тарапынан қолдау тапты. Дегенмен, ұсыныстар тексеріс нәтижесінде нақты белгілі болмақ.

Кездесу соңында кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков Алдарқұл Ахметовке арнайы өткізілген диалог үшін алғыс білдірді. Алдағы уақытта мұндай кездесулер облыс көлеміндегі кәсіпкерлер үшін тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті.