Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға арналған іс-шаралар, сонымен бірге мектептер мен театрларда жаңажылдық шыршалар өткізіле ме деген сауал жолдаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 шектеу карантин шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысына сәйкес, ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады«, — делінген комитет жауабында.
Комитет мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ.
Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 129 213-ке жетті.