Қарашаның соңғы күндері Қазақстан аумағының көп өңірі оңтүстік циклонның ықпалында болады.
Соның әсерінен қар жауады, кей өңірде қар көп мөлшерде түседі, сонымен бірге көктайғақ, бұрқасын болады және жел күшейеді. Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтайды, сол кезде жауын-шашы тоқтайды және ауа температурасы төмендейді, — делінген хабарламада.