Ведомство мәліметінше, кейінгі кезде Қазақстан азаматтары арасында электрон құжатты үшінші тұлғаға беруге байланысты шағым көбейген. 2020 жылдың өзінде осындай 30 шақты дерек анықталған. Былтыр 50-ден аса әкімшілік іс тіркелген.
ЭЦҚ адамның өзі қаламмен жазып, қол қойғанмен тең екенін және екеуінің заңды салдары болатынын есте сақтау керек. Министрлік қауіпсіздікті сақтап, алаяқтың құрбаны болмауыңыз үшін ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға бермеу туралы ескертеді. Оны жоғалтқан жағдайда бірден қайта жасатуыңыз керек, сонымен бірге стандарт парольді одан күрделіге ауыстыру керек, — деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай.