2025 жылы Түркістан облысындағы 802 елді мекен 99,8% табиғи газбен қамтамасыз етіледі

Нәтижесінде, 423 елді мекен немесе 1 млн. 275 мың тұрғыны табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы Түркістан шаһарында өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Облыс басшысының айтуынша, жыл қорытындысымен, 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының аудандардағы 802 елді мекенді 95% немесе 1,9 млн. халық 99,8% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Табиғи газға қосылған елді мекендердегі тұрғындарға әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 56 нысанның құрылысына 18,9 млрд. теңге қарастырылып, қамту деңгейі 82,7% құрайды. Соның ішінде, 35 нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысымен, 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылса, 6 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. 2 018 100 халқы бар Түркістан облысында 843 елді мекен, оның ішінде, 7 қала мен 836 ауылдық елді мекен бар. Облыс бойынша 843 елді мекеннің 678-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Атап айтсақ, қалалар — 97,9 %, ауылдық елді мекендер – 91%.