Басты бетҚоғамТүркістан: Арыс...

Түркістан: Арыс азаматы мемлекеттік қолдаумен балық шаруашылығын қолға алды

Түркістан облысы Арыс қаласы Ақдала ауылдық округіне қарасты П.Арапов ауылының тұрғыны Бақыт Қалымбетов балық шаруашылығымен айналысуды қолға алды. Ол бұл кәсіппен айналысу үшін жасанды көлшік жасап, онда Шымкент қаласынан жеткізілген 2 мың дана сазан, мекіре (карась) балығының шабақтарын жіберген. Кәсіпкердің сөзінше, маусым айында жіберілген балықтан келесі жылдың жаз айында алғашқы өнім алуды жоспарлап отыр.

Еті дәмді, етінің майлылығы 4,1 пайыз, белогы 16,5 пайыз болатын сазан балығының кәсіптік маңызы өте үлкен екені белгілі. Осыны ескеріп болашақта мемлекеттік қолдаудың көмегімен кәсіпті ұлғайтуды көздеп отырмын, – деді кәсіпкер.

Кәсіпкерлерге көмек ретінде мемлекет тарапынан балыққа берілетін жемнің 50 пайызы субсидияланады. Өңірде осы мүмкіндікті пайдалана отырып, балық шаруашылығымен айналысатын азаматтардың қатары артып келеді.