Дәл осы қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие. Серіктестік жиналған өнімді Израйль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда.
Жалпы Ордабасы ауданындағы ауылшаруашылығы саласындағы өнім көлемі 43 млрд. 175 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. 371 мың теңгеге артқан.
2020 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында 5 млрд 139 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.
Аудан бойынша жалпы сыйымдылығы 38050 тонна өнім жинайтын 16 қойма бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бадам ауыл округінен «Александровский сад» ЖШС-нің жеміс-жидек өнімдерін бастапқы өңдеумен айналысатын сыйымдылығы 1670 тонналық, құны 815 млн. теңгені құрайтын заманауи қойманы іске қосу көзделуде.