Басты бетҚоғамЕлімізде шетелдің...

Елімізде шетелдің 16 мыңға жуық азаматы жұмыс істеп жүр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелден жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат — 658 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат — 3 430 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

Шетелден келген жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға тиесілі, 7 302 және 1 058 адам. Сонымен бірге маусымдық жұмыстарға 1 728 адам, ал корпоратив ауыстыру шеңберінде 1 656 адам тартылды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесідей: Қытай — 3459 адам, Өзбекстан — 1 693 адам, Түркия — 1 621 адам, Үндістан — 1 145 адам, Ұлыбритания — 1 038 адам.