Басты бетЖаңалықтарБіртіндеп шетелдік...

Біртіндеп шетелдік телехикаялардан бас тартамыз — Дәурен Абаев

Министрдің айтуынша, елімізде Үндістан мен Кореяның сериалдарына сұраныс бар.

«Бұл бағытта ауқымды жұмыстарды атқарамыз. Әсіресе, біртіндеп мемлекеттік арналарда шетелдік телехикаялардан бас тартатын боламыз. Алайда, қазір сұраныс болғандықтан, оларды бірден алдыртып тастасақ, еліміздегі аудитория шетелдің арналарына кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан да біз сол теңгерімді сақтап, тиісті жұмыстарды іске асырып, сапаны көтеріп, аудиторияны жоғалтпаймыз деп ойлаймын»,-деді министр.

Осы орайда Абаев қазақстандық жобалар саны елеулі түрде артатына тоқтала келе, келесі жылы Қазақстанда сапалы сериалдар түсірілетініне күмән жоқ екеніне, сондай-ақ бұл телехикаялар алдағы уақытта шетелге сатылатынын атап өтті.

ДереккөзҚазАқпарат