Қазақстанның қай қалаларында ауаның ластануы байқалды?

Баршамызды келесі негізгі экология проблемалары алаңдатып отыр. Бұл — ауа мен жерүсті суларының ластануы, қалдықтарға байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі, сонымен бірге ежелден ластанған жерлер мен көгалдандырудың жетіспеушілігі, — деді министр.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, 2019 жылғы экология мониторингіне сәйкес, 45 елдімекен ішінде 10 қалада атмосфералық ауа көп ластанған.

Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент. Сонымен бірге ластаушы заттар шығарындылары едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі, — деді ол.