Басты бетЖаңалықтарДәурен Абаев:...

Дәурен Абаев: Қазақстан халқының 88 пайызы отандық телеарналарды көріп отыр

«Есептеулер нәтижесіне сәйкес, телеаудиторияның 88 пайызы қазақстандық арналарды таңдайды. Сонымен бірге олардың 53 пайызы арналарымызды күнделікті көруде. Біздің мақсат бұл көрсеткішті арттыруға негізделген, себебі қазіргі заманғы әлемде теле-радио хабар тарату қоғамдағы оңтайлы өзгерістердің катализаторларының бірі болып табылады»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, министрліктің тапсырысы бойынша ауқымды әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, бұл шара қазақстандықтардың медиа-таңдауын анықтауға бағытталды.

Алынған қолданбалы мәліметтердің негізінде БАҚ-ты модернизациялау мен ұлттық ақпараттық кеңістікті жүйелеудің негізгі жобалары қалыптастырылды.

Оның ішінде «Хабардың» ұстанымы өзгерді. «24 kz» «Хабар 24» телеарнасы болып ребрендинг жүргізілді, «Kazakh TV» телеарнасы «Білім және мәдениет» телеарнасымен біріктірілді.

Сонымен қатар «Kazsport» телеарнасы заманауи HD форматқа көшірілді, мұнымен қоса «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Classic» радиоларының қамту аумағы кеңейтілді.

ДереккөзҚазАқпарат