23 қарашада Ақмола облысының кей жеріне және Нұр-Сұлтанға тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының да кей жеріне тұман түсіп, күндіз кей жерде көктайғақ болады.
Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының кей жеріне қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
23 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысы мен Шымкенттің кей жеріне тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жеріне тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жеріне тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. 23 қарашаға қараған түні оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.