«Томирис» фильмі каскадерлық «Оскар» сыйлығын алды

«Томирис» тарихи фильмі үздік трюктары үшін каскадерлардың әлемдік академиясынан Taurus сыйлығын алды. Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі — Жайдарбек Күнгғожинов.

Фото: Nomad Stunts

«Таурус» біздікі! Қуанышты жаңалықты бөлісейін деп отырмыз, «Томирис» фильмі әлемдік каскадерлар академиясынан «Таурус» сыйлығын алды. Бұл — каскадерлық «Оскар» деп аталатын ең беделді сыйлық. Ел тарихында алғаш рет «Шетелдік фильмдегі трюктар қойылымы» номинациясы бойынша қазақстандық фильм үздік деп танылды, — деп жазды Nomad Stunts каскадерлар тобы Facebook-парақшасында.

Taurus — Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) сыйлығы. Бұл жыл сайын әлемнің үздік каскадерлары, қоюшылары мен экшен-мамандарын марапаттайтын беделді сыйлық. Биыл Taurus сыйлығына Капитан Марвел», «Джон Уик 3», «Форсаж: Хоббс и Шоу», «Терминатор: Темные судьбы» фильмдері үміткер болды.