Қостанайдың бас санитар дәрігері айыппұлды таңдап салған

Прокуратура мәліметінше, Алмат Байкеновтің полицияға берген істің тек 4%-іне айыппұл салынған. Кейбір кәсіпкерге айыппұл жеке тұлға ретінде салынса, енді біріне айыппұл мүлдем салынбаған. Этика жөніндегі кеңес мүшелерінің пікірінше, мұндай жағдайда азаматтар карантин шарасына жауапкершілікпен қарамайды және мұндай жұмыс мемлекеттік қызметкерлердің имиджіне нұқсан келтіереді.

Алмат Байкенов барлық дәлелмен келісіп отыр. Ол айыппұл көлемі көп болғандықтан қоғамдағы жағдайды ушықтырмау үшін осындай әрекетке барғанын айтты. Санитар дәрігер кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізу жеткілікті деп есептеген.

Кеңес мүшелері Алмат Байкеновке қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза тағайындады. Ол мемлекеттік қызметке ауысу арқылы және конкурс нәтижесі бойынша тағайындала алмайды, жаза қолданылған уақытта сыйақы ала алмайды. Жұмыстан шықғып кетсе, 3 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Оған қоса, бас санитар дәрігерге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының карточкасы берілді, ол 3 жыл бойы қолданылады.