Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет

Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту — біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық баланың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет, — деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, Мемлекет басшысы биылғы жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек екенін айтты.

Біз кәмелеттік жасқа толмаған бала­ларға қатысты жыныстық сипаттағы әре­кеттері үшін қылмыстық жазаны едәуір қатаңдаттық. Алайда бұл проблема әлі де ушығып тұр. Мұндай қылмыскерлер рақымшылық алу және мерзімінен ерте босау құқы­ғы­нан айырылып, мейлінше қатаң жазалануы керек. Оларды қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемелерінде оқшаулаған жөн. Мұндай әрбір істі прокуратура орган­дары ерекше бақылауға алуға тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.