Басты бетҚоғамСерік Сүлейменов...

Серік Сүлейменов жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды

Облыс әкімінің орынбасары алдымен «Қазалы теміржол жылу» МКК мекемесіне барып, жылу беру жұмысын көрді.

Әйтеке би кентінде орналасқан «Қазалы теміржол жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бу қазандықтары 3 жыл бұрын көгілдір отынға ауыстырылған. Мекеме арқылы аудан орталығындағы 70 көпқабатты, 194 жеке тұрғын үй және 100 мекеме орталықтандырылған жылумен жылытылады.

Мұнан соң, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов 5-кварталдағы 10 кредиттік тұрғын үйдің құрылысын көрді. Қазіргі таңда мұнда құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

Жоба бойынша бір үйде 4 пәтер қаралған. Әрбір үйде 2 бөлмелі 2 пәтер, 3 бөлмелі 2 пәтерден бар. Тұрғын үй газ, ауыз сумен, электрмен қамтылады. Әр пәтер дербес жылу және ыстық сумен біріктірілген, газ отынды қазандығымен жабдықталады. Жаңа баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады. Құрылыстың ұзақтығы — 8 ай. Алайда мердігер мекеме тұрғын үйдің құрылысын жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов «Қазалы Жолшы» ЖШС-ның алдына жиналған арнайы техникалардың қысқы мезгілге дайындығын пысықтады.

Қазіргі таңда ауданда 11 дана жол-құрылыс техникалары мен автокөлік құралдары дайындыққа келтірілген. Олардың қатарында 1 автогрейдер, 2 трактор (К-700, МТЗ), 2 погрузчик, 6 жүк автокөліктері бар. Одан бөлек, тайғаққа қарсы себілетін 1010 тонна инертті материалдар мен техникаларға қажетті жанар-жағар май көлемі дайындалған. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 76 дана «Тайғақ жол» және «Жылдамдықты шектеу» уақытша ескерту жол белгілерін қою жоспарланған.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы 4 жолақты жол және аудан орталығындағы 600 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысты.

Серік Жүсіпұлының Қазалы ауданындағы жұмыс сапары аудан әкімдігінде салалық басқарма басшыларының қатысуымен өткен мәжіліспен қорытындыланды.

Басқосуда Қазалы ауданындағы жолдардың жай-күйі туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстары жөнінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов, ауыл су, газдандыру, электр энергиясы және жылу беру мәселелері жайында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағамбетов жан-жақты айтып берді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәжілісте қаралған мәселелерге байланысты салалық басқарма басшыларына тапсырма берді.