Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов және Қорғаныс министрлігінің Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов қатысты.
Жиында Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқарма мен бөлімшелерінде ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа карсы атқарылған жұмыстар баяндалды.
Тікелей эфирде Бақытжан Ниязов Қарулы күштердің, яғни қорғаныс саласының мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі орнын және де өзінің тәртібі мен кәсіби шеберлігінің арқасында халық тарапынан дұрыс көзқараста екенін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін көтеру мақсатындағы «Қарулы күштері – адалдық алаңы» кеңселері жобасы аясында қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқарма мен бөлімшелерінде жүргізіліп жатқан тиімді іс-әрекеттер көп. Әскери қызметшілер тарапынан облысымыздың жастарына, соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және балалар үйлеріне жасалып жатқан үлкен игі істер жалғасын тауып, оң бағасын алуда. Мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде де Сыр жастарының Отан қорғауға деген белсенділіктерінің артқанын да байқауға болады, – деді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов.