Басты бетМедицинаҚазақстандағы коронавирус...

Қазақстандағы коронавирус және пневмония статистикасы. 20 қараша

Коронавирус бойынша ең көп — 242 науқас Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Бір тәулікте COVID-19 жұқтыру дерегі бойынша Алматы 2-орынға шықты. Мұнда кейінгі тәулікте 91, ал Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 85 деректен тіркелді.

Маңғыстау және Қызылорда облыстарында бірде-бір адамнан COVID-19 анықталмады.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 123 888-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15 458(+91);
Нұр-Сұлтанда — 15 448(+53);
Шығыс Қазақстан облысында — 14 650 (+242);
Атырау облысында — 11 496(+19);
Қарағанды облысында — 10 899(+20);
Батыс Қазақстан облысында — 7 643(+39);
Алматы облысында — 5 473(+25);
Солтүстік Қазақстан облысында — 5 345(+85);
Шымкентте — 5 315(+5);
Павлодар облысында — 5 294(+85);
Қостанай облысында — 4 552(+63);
Ақмола облысында — 4 448(+48);
Жамбыл облысында — 4 293(+11);
Түркістан облысында — 3 449(+1);
Ақтөбе облысында — 3 431(+4);
Маңғыстау облысында — 3 420(+0);
Қызылорда облысында — 3 274(+0).

19 қарашаның қорытындысы бойынша елімізде COVID-19 жұқтырған тағы 6 науқас қайтыс болды. Бүгінге дейін 1 970 адамның өліміне коронавирус себеп болды.

COVID-19-дан айыққандар статистикасы

Қазақстанда 311 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтанда — 33;
Алматыда — 23;
Ақмола облысында — 7;
Ақтөбе облысында — 1;
Алматы облысында — 10;
Атырау облысында — 15;
Шығыс Қазақстан облысында — 88;
Жамбыл облысында — 11;
Батыс Қазақстан облысында — 17;
Қарағанды облысында — 9;
Қостанай облысында — 53;
Павлодар облысында — 8;
Солтүстік Қазақстан облысында — 36.

Жазылғандардың жалпы саны — 111 483.

Ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 10 435 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 481 бала бар. 3 088 науқас стационарларда, 7 347 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 220 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 26 науқастың жағдайы аса қатты ауыр, 21 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияның неше дерегі тіркелді?

Өткен тәулікте 158 жаңа дерек тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 55 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 40 848 адам пневмониямен ауырды, 424 науқас қайтыс болды, барлығы 29 869 адам жазылды.