Шиеліде «Алтын дән — 2020» мерекесіне орай жалғызбастыға анаға баспана берілді

Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков биылғы «Алтын дән – 2020» мерекесіне орай, Ақмая елді мекенінің тұрғыны, жалғызбасты ана С.Құлымбетоваға және еткен еңбегі мен төккен тері үшін «Алтын дән Шиелі» шаруа қожалығының механизаторы Е.Кеңесбайұлына тұрғын үй кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Екі отбасының баспаналы болуына «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмбеков және «Алтын дән Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы А.Бердібаев қолдау көрсетті.