Президент әскери қызметшілерге берілетін төлем көбейетінін айтты

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін қол жеткен жетістіктерді сақтау үшін Қарулы күштердің қызметіндегі бірқатар басымдыққа көңіл бөлу қажет екенін айтты. Атап айтқанда, сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру аса маңызды.

Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021  жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеология жұмыстарының тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сонымен бірге әскерилерді әлеумет және құқық тұрғысынан қорғау мәселесіне тоқтады. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем орташа есеппен 30% көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.