Қазақстанда тарихи сын сағаттарда ұлтаралық келісімнің тұрақты болуы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінен, яғни оның даналығы, кеңдігі деуге болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дербестікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, біздің көпұлтты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, оны дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш-жігерін салып, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен ынтымақты сақтау ісіне басты көңіл бөліп келеді. Ел тұтастығы мен халықтың бейбіт ғұмыр кешуінде Елбасының атқарған жұмыстарының жемістерін бүгін де көріп жатырмыз. Алайда қазіргі жаһандану заманында көптеген қиындық туындап, олардан сақтану өзекті болып отыр.

Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясаттарын дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру бағыттарда насихаттау барысында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жастар арасында «Дәстүр мен дін» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында дін мен дәстүрдің байланысын онлайн формат арқылы халыққа түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарымызда деструктив ағымдардың көзқарастарына қарама-қайшы келетін тұстары түсіндіріліп келеді.

Ерсін Әміре, онлайн сұхбат

Онлайн фоматтағы түсіндіру жұмысының бірі Іnstagram әлеуметтік желісіндегі @din_almaty парақшасында «Төле би» мешітінің бас имамы, белгілі исламтанушы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Ерсін Әміре және тізгінші философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор Алмасбек Шағырбай арасында өткен кездесуді атап айтсақ болады. Кездесу барысында қазақтың салт-дәстүрлері оның ішінде келіннің сәлем салуы, жеті шелпек тарату, үлкендерге құрмет көрсету, қазақтың ұлттық аспабы домбыра мәселесіне шариғат тұрғысынан олардың үкімін ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре жастарға түсіндіріп өтті. Тыңдармандар тарапынан көптеген сұрақ қойылып, кездесу қонағы Ерсін мырза сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Әрбір халықтың әдет-ғұрып пен салт-дәстүрі сол халықтың рухани дамуының негізін қалайды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жағдайында ең негізгі проблемалардың бірі аталарымыздың аманат еткен қазақи салт-дәстүріміз бен ұлттық келбетімізді сақтап қалу мәселесі болып отыр. Қазіргі жаһандану заманында, біздің қоғамда жасырын мәдени және діни агрессиясы еш кедергісіз жүзеге асырылып, ұлтсыздану, құндылықтарымыздың ұмытылу үрдісі жаһандық сипат алып келеді. Кез келген ұлт өзін тарихта «ұлт» ретінде сақтап қалуының шарты – өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан дінінен, ділінен, тілінен ажырамау.

Ұлттық мәдениетімізде өзіндік орны бар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің сан салалы шығармашыл ізденістерінде халық ауыз әдебиеті, ел тарихы мен мәдениеті, тіл мен дін, саяси әлеуметтік мәселелерді арқау етті.

Мәшһүр Жүсіп шығармаларында адамның рухани болмысы мен ақыл-ой көкжиегі ілім-білім үйреніп, ғылымға құштарлықпен берілу арқылы кеңейетінін жырлайды. «Не нәрсе парыз болса, ғылым парыз, Ғылым білсең, өтелер қанша қарыз».

Ғылым дүниенің қыр-сырын, шынайы ақиқатты танып-білуге тосқауыл болатын кедергілерді тудыратын сауатсыздық пен надандықты жояды. Сауатсыздық пен білімсіздік адам ақыл-парасатын қараңғылықтар қапасына қамайды. Білім-ғылымы терең де мықты дамыған ел ғана өркениетті жасай алмақ. Сондықтан да ислам діні ғылымға адамзат үшін зәру құндылық ретінде қарайды.