2020 жылы 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Олардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8%-і Өзбекстаннан, 9,1%-і Түрікменстаннан, 3,4%-і Моңғолиядан және 2,9%-і басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сонымен бірге Нұр-Сұлтанға (4,1%) және Алматыға (5,7%) қоныстанды.

10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны — 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кіші — 32,6% және зейнеткерлер — 10,5%.

Айта кетейік, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды.