Жаңа дерек елдің барлық өңірінде тіркелді. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Мұнда бір күнде 252 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды.
Нұр-Сұлтанда 81, Солтүстік Қазақстан облысында 79, Павлодар облысында 65 науқастың бойынан COVID-19 табылды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 123 097 жетті. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда — 15 395(+81);
Алматыда — 15 367(+43);
Шығыс Қазақстан облысында — 14 408 (+252);
Атырау облысында — 11 477(+17);
Қарағанды облысында — 10 879(+20);
Батыс Қазақстан облысында — 7 604(+40);
Алматы облысында — 5 448(+33);
Шымкент қаласында — 5 310(+7);
Солтүстік Қазақстан облысында — 5 260(+79);
Павлодар облысында — 5 209(+65);
Қостанай облысында — 4 489(+60);
Ақмола облысында — 4 400(+42);
Жамбыл облысында — 4 282(+10);
Түркістан облысында — 3 448(+2);
Ақтөбе облысында — 3 427(+4);
Маңғыстау облысында — 3 420(+2);
Қызылорда облысында — 3 274(+5).
Коронавирус жұқтырған тағы 5 науқас қайтыс болды. Ал Қазақстан бойынша 1 964 адамның өліміне COVID-19 себеп болды.
Жазылғандар статистикасы
Қазақстанда өткен тәулікте 337 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтанда — 33;
Алматыда — 33;
Ақмола облысында — 14;
Ақтөбе облысында — 1;
Алматы облысында — 7;
Атырау облысында — 19;
Шығыс Қазақстан облысында — 73;
Жамбыл облысында — 4;
Батыс Қазақстан облысында — 8;
Қарағанды облысында — 25;
Қостанай облысында — 34;
Қызылорда облысында — 15;
Павлодар облысында — 35;
Солтүстік Қазақстан облысында — 36.
COVID-19-дан айыққандардың жалпы саны — 111 172.
Ауырып жатқандар туралы
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 9 961 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 464 бала бар. 2 992 науқас стационарларда, 6 969 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 228 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Коронавирус белгілері пнемония
Өткен тәулікте 202 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 95 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 40 690 тіркелді, 423 адам қайтыс болды, барлығы 29 814 адам жазылды.