Басты бетМедицинаҚазақстанда өткен...

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

Жаңа дерек тек Қызылорда облысында тіркелмеді. Ал ең көп науқас тағы да Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Мұнда кейінгі тәулікте 230 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Нұр-Сұлтанда 79, Солтүстік Қазақстан облысында 74, Павлодар облысында 61 дерек тіркелді.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 122 335 жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15324(+35);
Нұр-Сұлтанда -15314(+79);
Шығыс Қазақстан облысында — 14156(+230);
Атырау облысында — 11460(+11);
Қарағанды облысында — 10859(+18);
Батыс Қазақстан облысында — 7564(+37);
Алматы облысында — 5415(+17);
Шымкентте — 5303(+6);
Солтүстік Қазақстан облысында — 5181(+74);
Павлодар облысында — 5144(+61);
Қостанай облысында — 4429(+58);
Ақмола облысында — 4358(+41);
Жамбыл облысында — 4272(+8);
Түркістан облысында — 3446(+2);
Ақтөбе облысында — 3423(+3);
Маңғыстау облысында — 3418(+2);
Қызылорда облысында — 3269(+0).

Коронавирус жұқтырған тағы 7 науқас қайтыс болды. Еліміз бойынша бүгінге дейін 1 959 адамның өліміне COVID-19 себеп болды.

Жазылғандар статистикасы

Қазақстанда 453 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтанда — 33;
Алматыда — 50;
Ақмола облысында — 66;
Атырау облысында — 2;
Шығыс Қазақстан облысында — 98;
Жамбыл облысында — 7;
Батыс Қазақстан облысында — 23;
Қарағанды облысында — 44;
Қостанай облысында — 1;
Павлодар облысында — 54;
Солтүстік Қазақстан облысында — 75.

COVID-19-дан айыққандардың жалпы саны — 110 835.

Ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 9 541 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 468 бала бар. 2 991 науқас стационарларда, 6 550 адам амбулатория  жағдайында ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 227 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Коронавирус белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 268 дерек тіркелді. Бір тәулікте 85 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 40 488 адам пневмония жұқтырды, 421 пациент қайтыс болды, барлығы 29 719 адам ауруынан айықты.