Қазақстанда 241 мұғалімнің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

241 жағдай мұғалімдер арасында тіркелді. Бұл бүкіл ел бойынша, барлық 17 өңірде. Немен айналысатынына қарамастан, коронавирустың кез келген дерегі тексеріледі, бұл міндетті. Зерттеу жүргізіледі, байланыста болған адамдар анықталып, ошақтарда эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр, — деді Айжан Есмағамбетова.

Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, кезекші кластарда оқитын 302 және қашықтан оқитын 740 оқушыдан COVID-19 анықталған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандар арасында 456 бала бар.