Бағдат Мусин ипотека алуды жеңілдетуге уәде берді

Ол бұл жайында Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министрге ипотека рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыруға уәде бердім. Ипотекаға пәтер сатып алғанда кепілді тіркеу қажет. Қазір банктен құжаттарын алып, оларды Халыққа қызмет көрсету орталығы ұсынуы қажет. 3 жұмыс күннен кейін Халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттарды алып, банкке кері қайтаруы керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі. Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолдандық. Осы күрделі процесс тек сынақ форматында автоматтандырылды, — деп жазды министр.

Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл технология ипотека ресімдеу мерзімінің қысқаруына және клиент деректерінің сақталуына мүмкіндік береді.

Цифрлық даму министрі сонымен бірге автокөлікті сатып алу-сату процесінің өзгергені туралы да айтты.

Автокөлікті тіркеу онлайн режимінде қолжетімді болғанына қарамастан, азаматтар Маманданыдырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына тікелей келіп, бірнеше уақытын жұмсап жатыр. Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жыл сайын 3 миллионнан астам азамат келеді. Ұзын-сонар кезек пайда болады. Біз енгізген жаңа процесс — базада сатып алушы ақшаны сатушы автомобиль шотына аударғаннан кейін бірден автокөлік иесін өзгертуге мүмкіндік береді. Бүгін ғана осындай ыңғайлы сервис пилот режимінде Kaspi.kz қосымшасында қолжетімді, — деді Бағдат Мусин.