Асқар Мамин қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауды тапсырды

Халыққа жұмыстың нақты нәтижелері қажет. 2021 жылы «қағаз» анықтамалардың қажеттілігін толығымен жойып, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясынан қызметтерді жеткізуді қамтамасыз етіп, барлық онлайн қызмет пен сервистің қолжетімділігін 100%-ке дейін арттыруымыз керек, — деді Аcқар Мамин.

Премьер-министр Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметті eGov mobile-ға ауыстыру жоспарын бекіту тапсырды.