Басты бетМедицинаАлматы коронавирус...

Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен  коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері жөнінде кеңесте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиология жағдайы мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ведомство басшысының айтуынша, 16 қарашадағы эпидемиология жағдайын бағалау матрицасына сәйкес, республика сары аймақта тұр.

Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы инфекция таралу қаупі жоғары «қызыл» аймақта тұр. Орташа қауіпті «сары» аймақта — Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы. Қалған өңір салыстырмалы түрде инфекцияның таралу қаупі төмен «жасыл» аймақта, — деді Алексей Цой.