Тест: Қаншалық толерант адамсыз?

16 қараша - Халықаралық толеранттық күні. Бұл жайында алғаш рет 1995 жылы ЮНЕСКО-ның "Төзім қағидаттары декларациясында" айтылған еді. Осы тақырыпта Baribar.kz арнайы тест ұсынып отыр.

0%

Биыл Қордайда болған оқиға кезінде не ойладыңыз?

Автотұрақтасыз. Бір адам көлігін мүгедектігі бар жандарға арналған тұраққа қойды. Алыстан арбадағы кісі келе жатқанын байқадыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

Метроға қара киім киген, үлкен дорбасы бар сақалды адам кірді. Сіздің реакцияңыз?

Қызыңыз қара нәсілді жігітпен кездесіп жүргенін айтты. Оның бұл таңдауына қалай қарайсыз? Сол жігітке тұрмысқа шығамын десе, келісесіз бе?

Ересек балаларыңызбен фильм көріп отырсыз. Фильмде ЛГБТ өкілдерінің өмірін көрсетті. Сіздің әрекетіңіз?

Офис тазалайтын әйел сізге келіп, жалақысын көтеруді сұрады. Онымен қалай сөйлесесіз?

Әріптесіңіз - әйел, өте еңбекқор, мықты маман. Бір күні оның қызмет орныңызға кандидат екенін білдіңіз. Алайда осыған дейін мені ауыстыра алады, лайық деп ер әріптесіңізді қолдап, жүрген болатынсыз. Екеуінің бірін таңдауда қандай шешімге келдіңіз?

Балаңыз әке жолын қуғысы келмейтінін, дәрігер болмайтынын айтты. Сіздің реакцияңыз?

Сүйікті артисіңіз ЛГБТ өкілі екенін білдіңіз. Оны әрі қарай тыңдайсыз ба?

Жақыныңыз дастархан жайып, қонаққа шақырды. Түрлі дін өкілі жиналыпты. Қонақтар мұсылман жайлы әңгіме басталса, жап-жақсы талқылайды да, христиандардың әңгімесін тыңдағысы келмей отыр делік. Сіздің реакцияңыз?

Тест: Қаншалық толерант адамсыз?
Сіз нағыз толерант адамсыз
Басқаның кез келген ойын, көзқарасын қабылдап, сыйластық таныта аласыз. Адамды ұлтына, дініне, жыныс ориентациясына қарап бөлмейсіз. Сіз үшін барлық жанның құқығы мен мүмкіндігі тең. Жасы кіші болса да, адамның сөзін тыңдап, оның айтқанымен санаса аласыз. Бүкіл ұлтқа немесе әлем халқының ойына әсер етемін деп жанталаспайсыз.
Сіз өзіңізге қажет кезде толерант адам бола аласыз.
Жалпы толеранттық туралы білесіз. Көптің көзінше толерант адам ретінде сөйлеп, шешім қабылдайсыз. Алайда мәселе өзіңіз бен жақындарыңызға қатысты болса, бұл ойыңыздан айнып қалуыңыз мүмкін. Сіз үшін "өзге ұлт" түсінігі жоқ болғанымен, жақыныңыздың басқа ұлт өкіліне үйленуіне келіспей тұрасыз. Әйелдің ермен құқығы тең деп есептесеңіз де, оның бір саты төмен болуына қарсы емессіз.
Сізді толерант адам деп айту қиын.
Толеранттықты "шыдам", "өзгенің ойын, көзқарасын қабылдай алу, сыйластықпен қарау" деп түсіндірсек, төзімге ие адам болуыңыз мүмкін. Бірақ өзгенің пікірі мен көзқарасын дұрыс деп қабылдау қиын. Сондықтан қалыптасқан таптаурыннан шықпай, басқаша ойлайтын адаммен сөз таластырып кетуіңіз ғажап емес.

Әлеуметтік желіде бөлісу: