Басты бетҚоғамНұр-Сұлтанда карантин...

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушылар 151 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Полиция департаменті атап өткендей, кейбір ойын-сауық мекемесі мен тұрғындар COVID-19 таралу қаупі артқанына қарамастан, ережелерді елемей келеді.

16 қарашада сағат 00:39-да мобильді топ Quartet караоке-барында 40-қа жуық келуші болғанын анықтады. 15 қараша күні сағат 23.54-те Tequila лаундж-барында 50-ге жуық келуші болған.

14 қарашада сағат 22: 00-де «Зейд» мейрамханасында отбасылық мереке өтіп, 40-тан астам қонақ жиналған.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материал процессуал шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтанның тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Жалпы алғанда, 9-15 қараша аралығында карантин шараларының сақталуы бойынша мобильді топтардың аралауы кезінде Алматы ауданында 14, Байқоңыр ауданында 7, Есіл ауданында 18; Сарыарқа ауданында 18 тәртіпбұзушылық анықталды.

16 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанның тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аудандық басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 2043 материал келіп түскен. Жалпы сомасы 193 288 236 теңге болатын 963 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 151 324 915 теңгеге 752 әкімшілік айыппұл төленді.