Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус статистикасы қалай өзгерді?

Жаңа дерек Шығыс Қазақстан облысында көп анықталды. Мұнда кейінгі тәулікте 197 адамнан COVID-19 анықталды. Шымкентте, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеді.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 121 051-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15 253(+42);
Нұр-Сұлтанда — 15 202(+44);
Шығыс Қазақстан облысында — 13 605(+197);
Атырау облысында — 11 435(+14);
Қарағанды облысында — 10 821(+17);
Батыс Қазақстан облысында — 7 499(+42);
Алматы облысында — 5 374(+25);
Шымкентте — 5 292(+0);
Солтүстік Қазақстан облысында — 5 046(+57);
Павлодар облысында — 5 033(+49);
Қостанай облысында — 4 314(+51);
Жамбыл облысында — 4 258(+5);
Ақмола облысында — 4 284(+35);
Түркістан облысында — 3 439(+3);
Маңғыстау облысында — 3 416(+0);
Ақтөбе облысында — 3 412(+7);
Қызылорда облысында — 3 268(+0).

COVID-19-ды жеңгендер

Қазақстанда 301 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтанда — 56;
Ақмола облысында — 10;
Шығыс Қазақстан облысында — 163;
Батыс Қазақстан облысында — 3;
Қарағанды облысында — 13;
Қостанай облысында — 13;
Қызылорда облысында — 10;
Павлодар облысында — 33.

Жазылғандардың жалпы саны — 109 9447.

Ауырып жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 9 162 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 458 бала бар. 3 041 науқас стационарларда, 6 121 адам амбулатория жағдайда ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 217 адам ауыр жағдайда, соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Коронавирус белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 48 дерек тіркелді, 2 науқас өлді. Бір тәулік ішінде 24 адам айықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 40 197 адам пневмония жұқтырды, 420 пациент қайтыс болды, барлығы 29 580 адам жазылды.