Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады.
Ал президенттің міндетін уақытша парламент спикері Талант Мамытов атқарады. Үкімет басшысының міндеті бірінші премьер-министр Артем Новиковқа жүктелді.
Мемлекет басшысының міндетін атқаруға кірісе отырып, халық алдындағы жауапкершілігімді толық сезінемін. Конституциялық құқық шеңберінде халықтың бейбіт өмірі мен еліміздің тұрақтылығын қорғау үшін бар күшімді саламын. Халық осы бағыттағы менің барлық ісімді қолдайды деп үміттенемін, — деді Талант Мамытов.
Айта кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген. Садыр Жапаров Орталық сайлау комитетіне өзінің құжаттарын өткізіп те қойды. Комиссияның хабарлауынша, сайлауға қатысуға 63 адам өтініш берген.