Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласты, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасымен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдете беруге бейілді екенін айтты.
Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономика тұрғысынан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді, — деді Қазақстан президенті.