Басты бетМедицинаЕлімізде коронавирус...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 120 мыңнан асты

Жаңа дерек Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Мұнда 236 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ал Қызылорда облысында бірде-бір науқас анықталмады! Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 деректен тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 120 463-ке жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15 211(+45);
Нұр-Сұлтанда — 15 158(+48);
Шығыс Қазақстан облысында — 13 508(+236);
Атырау облысында — 11 421(+12);
Қарағанды облысында — 10 804(+17);
Батыс Қазақстан облысында — 7 457(+40);
Алматы облысында — 5 349(+28);
Шымкентте — 5 292(+5);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 989(+54);
Павлодар облысында — 4 984(+50);
Қостанай облысында — 4 263(+52);
Жамбыл облысында — 4 253(+4);
Ақмола облысында — 4 249(+34);
Түркістан облысында — 3 436(+1);
Маңғыстау облысында — 3 416(+1);
Ақтөбе облысында — 3 405(+3);
Қызылорда облысында — 3 268(+0).

Жазылғандар туралы

Қазақстанда өткен тәулікте 368 пациент коронавирустан айықты:

Нұр-Сұлтанда — 56;
Ақмола облысында — 99;
Ақтөбе облысында — 6;
Алматы облысында — 8;
Атырау облысында — 3;
Шығыс Қазақстан облысында — 98;
Батыс Қазақстан облысында — 14;
Қарағанды облысында — 14;
Қызылорда облысында — 7;
Павлодар облысында — 28;
Солтүстік Қазақстан облысында — 35.

Жазылғандардың жалпы саны — 109 643.

Ауырып жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 8 882 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 464 бала бар. 2 970 науқас стационарларда, 5 912 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 пациент аса ауыр жағдайда, 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 226 дерек тіркелді, 2 науқас қайтыс болды. 71 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 40 149 науқас анықталды, 418 адам өлді, барлығы 29 556 адам жазылып шықты.