Басты бетҚоғамҚызылорда зілтеміршілері...

Қызылорда зілтеміршілері ҚР чемпионатында екінші орынды иеленді

Жарыс нəтижесінде облыс спортшылары екі жас ерекшелігі бойынша барлығы 7 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Жекелей есепте 59 келі салмақта Аяжан Нұржан (71+87=158), 81 келіде Есенгелді Сəпи (130+176=306) мен Динара Қыпшақбай (79+102=181) жəне 89 келіде Арыстанбек Жаханша (146+185=331) Қазақстан жеңімпазы атанды.

55 келіде Мақсат Қуантхан, 61 келіде Дінмұхаммед Данышпан, 64 келіде Нұрай Құрманбай, 89 келіде Нұрдаулет Қалдыбек, 102 келіде Бағдаулет Камал серпе жəне жұлқа көтеру жаттығулары бойынша күміс жүлделерге ие болды.

49 келіде Таңшолпан Қаюпова, 61 келіде Ерасыл Ергенбай жəне 109 келіде Əлішер Оразбек қола жүлделерді еншіледі.

11-18 қараша аралығында Перуде жасөспірімдер арасында өтетін онлайн Əлем кубогіне Қазақстан атынан төрт спортшымыз қатысады.

Олар: Азамат Төлеген (61 келі), Мейрамбек Əбдіхалық (73 келі), Айсамал Сансызбаева (+81 келі) жəне Рахат Бекболат (96 келі).