Басты бетҚоғамАлматыда интернет...

Алматыда интернет ролінің трансформациясы талқыланып жатыр

2020 жыл Қазақстан үшін де, әлем үшін де коронавирус пандемиясы аясында өтті, бұл –күнделікті өмірде, соның ішінде азаматтық қоғам институттарына бұрын-соңды болмаған қиындықтар және онлайн-форматқа көшу қажеттігімен ерекшеленді.

Ақпаратқа қол жеткізу кезінде, әсіресе журналистер мемлекеттік органдар үшін ыңғайсыз ақпарат сұрағанда қиындықтар туды. Осындай жағдайда ақпараттың басым бөлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ойлап табылып, таратыла бастады.

Дегенмен ақпаратты тұтыну және тарату кезінде аудитория көбіне сыни тұрғыдан ойламайды, көбінесе эмоционалды жауап беріп, логикалық емес, манипулятивті немесе жалған ақпаратты қабылдап, оны өңдеп, ақпараттық фонды әрі қарай бұрмалайды.

Осы мәселелер форумның тақырыбын және талқылаудың негізгі бағыттарын анықтады: құқықтарды құрметтеу, сот төрелігіне қол жетімдік, пандемия кезінде ақпаратқа қол жеткізу, цифрлық құқықтар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дезинформация мен фейктерге қарсы тұру.

Форумның спикерлері — Қазақстан, Беларусь, Украина, АҚШ, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сарапшылары. Форум бағдарламасы мына сілтемеде.

«Пандемия кезеңіндегі мемлекеттің Интернетке ықпалы» атты сессияда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев сөз сөйледі.

Кейінгі айларда жалған ақпаратпен күрес және коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыс кезеңінде БАҚ-ты қолдаудың тиімді шараларын әзірлеу министрлік қызметіндегі аса өзекті бағытқа айналды. Министрлік ақпараттық қауіпсіздікті, цифрлық құқықтар мен сөз және БАҚ бостандығын сақтау шарттарын міндетті түрде сақтай отырып, интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілерді реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады, — деді Кемелбек Ойшыбаев.

Форумды дәстүрлі түрде  MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Форум 13 қарашаға дейін жалғасады.