Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 119 129-ға жетті. Оның ішінде:
Алматыда — 15 089(+39);
Нұр-Сұлтанда — 15 024(51);
Шығыс Қазақстан облысында — 13 024(+261);
Атырау облысында — 11 397(+12);
Қарағанды облысында — 10 770(+17);
Батыс Қазақстан облысында — 7 382(+30);
Шымкентте — 5 282(+4);
Алматы облысында — 5 301(+16);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 884(+43);
Павлодар облысында — 4 885(+49);
Жамбыл облысында — 4 243(+7);
Ақмола облысында — 4 180(+37);
Қостанай облысында — 4 159(+53);
Түркістан облысында — 3 434(+4);
Маңғыстау облысында — 3 414(+3);
Ақтөбе облысында — 3 395(+10);
Қызылорда облысында — 3 266(+2).
Коронавирустан жазылғандар
Қазақстанда өткен тәулікте 326 адам COVID-19 инфекциясынан айықты:
Нұр-Сұлтанда — 45;
Шымкентте — 8;
Ақмола облысында — 31;
Ақтөбе облысында — 10;
Алматы облысында — 7;
Атырау облысында — 7;
Шығыс Қазақстан облысында — 78;
Жамбыл облысында — 3;
Батыс Қазақстан облысында — 15;
Қарағанды облысында — 14;
Қызылорда облысында — 16;
Павлодар облысында — 42;
Солтүстік Қазақстан облысында — 50.
Елімізде барлығы 108 958 адам коронавирусты жеңді.
Емделіп жатқандар туралы
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 8 247 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 437 бала бар. 2 924 науқас стационарда, 5 323 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 192 адам ауыр жағдайда, соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Пневмония
Өткен тәулікте 179 дерек тіркелді. Бір тәулік ішінде 65 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 39 724 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған, 415 науқас қайтыс болды, барлығы 29 416 пациент жазылып шықты.
Қайтыс болғандар
12 қарашаның қорытындысы бойынша COVID-19 жұқтырған 6, пневмониямен ауырған 3 пациент қайтыс болды.
Қазақстанда коронавирустан 1 924, пневмониядан 415 науқас өлді.