Бұл туралы президент кеңсесі бас кеңесшісі Михаил Подоляк айтты деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі.
Онда мемлекет басшысы кеңес өткізетін арнайы кабинет бар.
Барлығы қатаң, хаттамамен реттеледі. <…> Ол оқшауланған палатада жатыр және онда арнайы байланыс орнатылған, — дейді Михаил Подоляк «Украинская правда» басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Владимир Зеленский 9 қарашада коронавирус жұқтырғанын айтты. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің тезірек жазылуын тіледі.
Айта кетейік, Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та коронавирус жұқтырды. Ол да «Феофания» ауруханасында жатыр.
Михаил Подоляк президент пен оның көмекшісінің стандарт жұмыс кестесі бар екенін, тек оқшауланғанын айтты.
Жазда Украина президентінің әйелі Елена Зеленская коронавируспен ауырды. Ол алғашында амбулатория жағдайында емделді, бірақ кейін пневмониямен ауруханаға жатты. Содан кейін Владимир Зеленский өзін өзі екі апта оқшаулады. Сол кезде Украина президентінен де, балаларынан да инфекция анықталмаған еді.