Ертең Өзбекстанның президенті сайланады

Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы -Өзбекстанның Либеральдық-демократиялық партиясы президенттіке мемлекет басшысы міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевті;

«Миллий тикланиш» демократиялық партиясы — парламенттің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Сарвар Отамурадовты;

Өзбекстан Халықтық-демократиялық партиясы  және «Адолат» Социал-демократиялық партиясы өз көшбасшылары  — Хотамжон Кетмонов пен Наримон Умаровты тіркеді.

Айта кетейік, Өзбекстанда сайлаудан он күн бұрын, яғни 24 қараша мен 2 желтоқсан аралығында мерзімінен бұрын дауыс беру жүргізілді. Онда 115 мыңға жуық адам мерзімінен бұрын дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда, сайлауда 21,5 миллионға жуық сайлаушы дауыс беруі тиіс.

ДереккөзҚазАқпарат