Басты бет Жаңалықтар Әнші Sia бүркітші қыз Айшолпан туралы ән жазды

Әнші Sia бүркітші қыз Айшолпан туралы ән жазды

Әнші Sia Моңғолиядағаы бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы фильмге сундтрек болатын «Angel by the Wings» атты жаңа әнін жазды.

Фильм режиссері Отто Белл. Фильмнің аты «The Eagle Huntres» Ол ата-баба дәстүрін жалғастырған бүркітшілік өнерді меңгерген қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып жайлы.

Бұл негізінен ерлерге тән кәсіп. Әлемде бұл өнермен тек 2 нәзік жанды ғана шұғылданады екен. Олардың екеуі де — қазақ. Екіншісі Қазақстанда тұратын бүркітші Мақпал Әбдіразақова.

Айшолпан Нұрғайып әкесі, анасымен бірге 6000 мильді еңсеріп, Моңғолиядан АҚШ-қа, Парк-Ситиге келді. Бүркітші қыз туралы деректі фильм 28 қазаннан бастап Нью-Йорк пен Лос-Анджелес кинотеатрларында көрсетіліп жатқанын атап өткен жөн.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version