Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстаннан көшіп жатқандар туралы естігенде уайымдаймын

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанда барлығы жақсы болатындай жағдай жасалуға тиіс. Соның ішінде сапалы білім керек.

Біреу Қазақстаннан басқа жаққа көшіп жатқанын естігенде уайымдаймын. Біз ондағыдан да жақсы жағдай жасасақ, неге көшесіздер? Олар қайда көшіп жатыр?  Неге? Сол себепті жергілікті әкімдіктер өте сақ болуға тиіс. Неге олар көршілес жоғары оқу орындарына кетіп жатыр? Бізде барлығы жақсы болатындай жағдай жасалуы керек. Ең бастысы жақсы білім керек, — деді ол Қазақстан халқы ассамблеясы отырысында.

Айта кетейік, 2019 жылы 45 231 қазақстандық шетелге көшіп кеткен. Оның 11,7 мыңы — бала мен жасөспірім, 31,5 мыңы — еңбекке қабілетті азамат, 2,1 мыңы — зейнеткер. Мұндай мәліметті Ranking.kz мамандары жариялады.

Білім, тұрмыс, жұмыс. Қазақстандықтардың шетелге көшуіне не себеп?

Шетелге кетіп жатқан мамандар легін қалай тоқтату керек?