Басты бетҚоғамҚазақстанда алдағы...

Қазақстанда алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» мамандары 12-14 қараша күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

Алдағы 3 тәулікте Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік циклон ықпалында болады.

Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынға әсер етеді, әсіресе, оңтүстікте және шығыста мол түседі. Кей жерде тұман, көктайғақ болады, солтүстік өңірлерде бұрқасын болады, екпіні күшті жел тұрады, — делінген хабарламада.