Басты бетМедицинаӨткен тәулікте...

Өткен тәулікте коронавирус және пневмония жұқтырғандарға қатысты дерек

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 117 904-ке жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15 020(+30);
Нұр-Сұлтанда — 14 926(+37);
Шығыс Қазақстан облысында — 12 532(+237);
Атырау облысында — 11 373(+7);
Қарағанды облысында — 10 737(+12);
Батыс Қазақстан облысында — 7 324(+24);
Шымкентте — 5 270(+3);
Алматы облысында — 5 269(+14);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 806(+30);
Павлодар облысында — 4 787(+52);
Жамбыл облысында — 4 230(+5);
Ақмола облысында — 4 104(+45);
Қостанай облысында — 4 049(+61);
Түркістан облысында — 3 428(+2);
Маңғыстау облысында — 3 410(+2);
Ақтөбе облысында — 3 377(+7);
Қызылорда облысында — 3 262(+0).

Жазылғандар туралы

Қазақстанда өткен тәулікте 218 адам коронавирус инфекциясынан айығып шықты:

Нұр-Сұлтанда — 57;
Ақмола облысында — 19;
Ақтөбе облысында — 5;
Алматы облысында — 8;
Атырау облысында — 4;
Шығыс Қазақстан облысында — 81;
Батыс Қазақстан облысында — 1;
Қарағанды облысында — 11;
Қостанай облысында — 9;
Қызылорда облысында — 6;
Павлодар облысында — 15;
Түркістан облысында — 2.

Елімізде барлығы 108 387 адам COVID-19-дан жазылды.

Ауырып жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 7 606 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 393 бала бар. 2 926 науқас стационарларда, 4 680 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қайтыс болғандар

Кеше коронавирус жұқтырған тағы 6 пациент қайтыс болды. Елімізде барлығы 1 911 адамның өліміне коронавирус себеп болды.

Пневмония

Өткен тәулікте 242 дерек тіркелді. Бір тәулік ішінде 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 39 357 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 410 науқас қайтыс болды, барлығы 29 286 адам айықты.