«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының номинанттары белгілі болды

Байқаудың 11 номинациясына қатысушылардан 470 өтініш түскен. Өтініштер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды.

Шорт-парақ тізімі:

Жылдың үздік фотосуреті:

Алтынбек Қартабай, «Арай» газеті;
Ернар Алмабек, Massaget.kz;
Руслан Мазунин, тәуелсіз фотограф;
Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экология шолушысы.

Жылдың үздік репортажы:

Айгерим Таубай, «Sputnik Қазақстан» АА;
Айнаш Есалиева, Egemen Qazaqstan газеті;
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы;
Данияр Адилбеков, Informburo.kz порталы.

Жылдың үздік аналитика материалы:

Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы;
Нұрлан Оразғалиев, «Айқын» газеті;
Есімжан Нақтыбайұлы, Inbusiness.kz порталы;
Гүлім Еркінбек, Baribar.kz порталы.

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Дархан Нурумбетова, Baigenews.kz порталы;
Елена Брицкая, Юрий Масанов, Informburo.kz порталы;
Михаил Козачков, «Время» газеті;
Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы.

Жылдың үздік сұхбаты:

Зарина Ахматова, HOLA News порталы;
Еркебұлан Нұрекеш, «Айқын» газеті;
Гульбаршын Сабаева, Egemen Qazaqstan газеті;
Айгерим Фазыл, Tengrinews порталы.

Жылдың үздік танымдық материалы:

Азамат Әбілұлы, Egemen Qazaqstan газеті;
Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА;
Еңлік Сақтан, Baribar.kz порталы;
Динара Насыр, Жайық пресс порталы.

Радиостанциядағы үздік жоба:

«Эфирде 102 FM» бағдарламасы, Atyray радиостанциясы;
«Бизнес Start» бағдарламасы, «Жаңа FM» радиостанциясы;
«Сәтті күн» бағдарламасы, «Жаңа FM» радиостанциясы;
«Өмірдің өзі» бағдарламасы, Halyk radiosy  радиостанциясы.

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

BAQ.kz порталы;
LS Aqparat порталы;
Tengrinews порталы;
Baigenews.kz порталы.

Жылдың үздік газеті:

«Курсив» бизнес апталығы;
AQ JOL Жамбыл облыстық газеті;
Túrkistan халықаралық газеті;
«Жас алаш» газеті.

Жылдың үздік журналы:

«Ақылдым» журналы;
«Мұқағали» журналы;
Akyl-kenes журналы;
«Жұлдыз» журналы.

Шерхан Мұртаза атындағы номинация:

Қайнар Олжай;
Сәрсенбай Қали;
Еркін Қыдыр;
Думан Бықай.

Ұлттық бәйге жеңімпаздары 13 қараша күні белгілі болады.  Лауреаттарды марапаттау рәсімі «Қазмедиа орталығында» өтеді, ал көрермендер Urker-awards.kz сайтында тікелей эфирде көре алады.

Әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағымен қатар «Үркер» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі.