Жандарбек Бекшин 26 қазандағы №64 «Коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысына толықтырулар мен түзетулер енгізді.
Қаулының мәтіні қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін «Медеу» спорт-сауықтыру орталығының және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының жұмысына рұқсат беріледі.
Алайда «Медеу» мұз айдынындағы әр сеанс кезінде адам саны 500-ден аспауы қажет. Ал «Шымбұлақ» курортына келушілер 30%-тен көп болмауға тиіс.
«Медеудегі» және «Шымбұлақтағы» тамақтанатын орындардың жұмысына да рұқсат берілген. Залдарда және ашық аспан астына 50 орыннан көп болмауы және 2 метр арақашықтық сақталуға керек. Ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.