Енді Қазақстанға келген азаматтар анықтама болмаған жағдайда 3 тәулікке дейін карантин стационарында өзін өзі оқшаулайды. Бойында COVID-19 бар-жоғын тексеру үшін зертхана тексеруінен өтеді.
Теріс нәтижесі бар адамдардан тиісті қолхат алынады, коронавирустың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. Оң нәтижемен адамдар инфекция стационарына жатқызылады.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов 23 қазандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 59 қаулысына өзгерістер енгізді.
Теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен барлық адам берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР сараптамасын жасатқаны және теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті, — делінген қаулыда.
Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтетін халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер термометриядан өтеді және сауалнама алынады.
Қаулының мәтінін мына жерден оқуға болады.
Айта кетейік, бұл өзгерістер 10 қараша 00 сағаттан бастап күшіне енді.