Басты бетМедицинаҚазақстанда бір...

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, кейінгі тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 250 науқас анықталды.

Ал Павлодар облысында 68, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 49 пациенттің инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Маңғыстау  және Қызылорда облыстарында бірде-бір дерек тіркелмеді!

Өкінішке қарай, коронавирус жұқтырған тағы 6 науқас қайтыс болды. Қазақстанда барлығы 1 879 адамның өліміне COVID-19 себеп болды.

Республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 114 826-ға жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 880(+30);
Нұр-Сұлтанда — 14 744(+34);
Атырау облысында — 11 335(+9);
Шығыс Қазақстан облысында – 11 190(+250);
Қарағанды облысында — 10 662(+20);
Батыс Қазақстан облысында — 7 142(+49);
Шымкентте — 5 254(+5);
Алматы облысында — 5 205(+10);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 627(+25);
Павлодар облысында — 4 500(+68);
Жамбыл облысында — 4 207(+4);
Ақмола облысында — 3 892(+30);
Қостанай облысында — 3 753(+49);
Түркістан облысында — 3 421(+2);
Маңғыстау облысында — 3 405(+0);
Ақтөбе облысында — 3 347(+6);
Қызылорда облысында — 3 262(+0).

Аурудан айыққандар

Қазақстанда өткен тәулікте 200 адам коронавирус инфекциясынан жеңді:

Нұр-Сұлтанда — 45;
Алматыда — 9;
Ақмола облысында — 41;
Ақтөбе облысында — 2;
Алматы облысында — 10;
Атырау облысында — 15;
Шығыс Қазақстан облысында — 55;
Жамбыл облысында — 2;
Батыс Қазақстан облысында — 5;
Қарағанды облысында — 11;
Қостанай облысында — 2;
Павлодар облысында — 3.

Елімізде барлығы 107 339 адам COVID-19-дан жазылды.

Ауырып жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 608 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 340 бала бар. 2 646 науқас стационарларда, 2 962 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

155 адам ауыр жағдайда, соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пневмония

Өткен тәулікте 231 дерек тіркелді. Бір тәулік ішінде 51 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бері 38 721 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, оның 406-ы қайтыс болды, барлығы 29 014 адам жазылып шықты.